Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Көкшетау әкімі коммуналдық салалар бойынша үш отырыс өткізді

Қазiр мұнда 100 отбасы баспана тұрғызып немесе ескi саяжай үйлерiн жөндеп алыпты. Олар қала әкiмiнен осы бағытқа автобус қатынасын реттеудi сұраған, әрi қыс айларында жүру қиындап, ол маңды қалың қар басатыны да белгiлi. Заң бойынша оларға бөлiнген жер учаскесi саяжайлар ұйымына қарайды. Сондықтан бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Дегенмен Ермек Боранбайұлы бiлiм бөлiмiнiң жетекшiсiне осы саяжайларда жыл бойы қанша бала тұратынын анықтауды және сол жерден үшiншi тоқсанның басына дейiн №21 мектепке баратын балаларды тасымалдауды ұйымдастыруды тапсырды.

«Наше время» ҚБ төрағасы Владислав Шуль жылу маусымына қатысты тұрғындардың өтiнiшiн жеткiздi. Мысалы, «Юбилейный» және «Боровской» мөлтек аудандарындағы үйлер қыстың күнi суық болады. Бұл жыл сайын қайталанатын құбылыс. «Көкшетау Жылу» мекемесiнiң бас директоры Сергей Жуковтың айтуынша, аталған мөлтек ауданның мәселесiнiң бу қазандықтарының жұмысына еш қатысы жоқ. «Биыл үйлердiң iшкi жылу жүйесiн жаңғыртуға қатысты ауқымды шаруалар тындырылды. Заманауи материалдар қолданылды. Үнемi бақылауда ұстап отырмыз. Биыл жылу қалыпты деңгейде берiледi деп айта аламыз»,- дедi өз сөзiнде мекеме басшысы.

Көкшетау қаласын 1-шi және 2-шi бу қазандықтары жылытады. Ауа температурасы -20-дан төмен түскенде мазут қазандықтары iске қосылады. Олар көмiрмен жағылатын қазандықтарға қарағанда екi есе қымбат. Қазiр қор жинақталды, сондықтан көкшетаулықтарға алаңдайтын еш негiз жоқ.

Шульдiң айтуынша, тұрғындардың басым бөлiгiнiң жылу есептегiштерiнiң жұмысына көңiлi толады. Қазiр оны халықтың 85 пайызы тұтынып отыр.

Жиын барысында жылуды бақылайтын арнайы комиссия құру қажеттiгi айтылды. Оның құрамына әкiмшiлiк қызметкерлерi, бу қазандығының, қоғамдық кеңестiң, мемлекеттiк емес сектордың, БАҚ өкiлдерi мен депутаттар кiруi тиiс. Егер қыс мезгiлiнде халықтан шағым түсетiн болса, осы комиссия мүшелерi жағдаймен танысып, шешiм шығарады.

«LS Kokshetau» ЖШС бас директоры Сергей Лучинский Көкшетау қаласында тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын пункттiң жобасымен таныстырды. Компания 2004 жылдан жұмыс iстейдi және қалада осындай екi пункт ашып, қоқысты түрiне қарай бөлетiн 15 контейнер орнатқан. Тұрмыстық қалдықтар тюктарға сұрыпталып, Алматы, Қарағанды, Петропавл зауыттарына жiберiледi. Кәсiпорынды кеңейтiп, қаланың әр мөлтек ауданында қабылдау пункттерiн ашып, контейнерлер орнату жоспарда бар. Қала әкiмi бұл бастаманы құп алды, әрi облыс орталығының экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етедi дедi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version