Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильм түсірілді

Деректі фильм Қазақстан Республикасы Президенті Қорының қолдауымен жарыққа шықты. Сценарий авторы — Леонид Млечин. Тың туындының қоюшы режиссері — Сәуле Көмекбаева. Деректі фильм 37 минутқа созылады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихты жасайтын аз ғана тұлғалардың бірі. Нұрсұлтан Назарбаев — реформатор», — дейді фильм авторлары.

Тың туынды кең ауқымдағы көрермендерге арналған. Оның сценарийі «Назарбаев. Президентпен бірге топтасқан портрет» («Шығыс-Батыс» баспасы, 2010 жыл) кітабы бойынша жазылған.

Дереккөзinform.kz