Басты бетЖаңалықтарАустралиялықтар Қазақстанда...

Аустралиялықтар Қазақстанда мектеп жоқ деп ойлаған — Серік Ирсалиев

«Стан» морфемасына бола шетелдік мемлекеттер Қазақстанды Ауғаныстан, Пәкістан сынды мемлекеттермен шатастырады. Аустралиялықтарды TIMSS зерттеуінің нәтижесі қатты таңғалдырған. Себебі, аталған зерттеу нәтижесі қазақстандық оқушылардың математика пәнін аталған мемлекет оқушыларына қарағанда жақсырақ оқитыны анықталған.

«Қанша жерден мейірімді болып, өзгенің қуанышын бөлісуге тырыссақ та, біздің жетістіктерімізге көре алмаушылық танытатын жандар бар. Олар үшін Қазақстан – бейтаныс мемлекет. «Стан» қосымшасы салдарынан олар бізді Ауғаныстан, Пәкістан сынды мемлекеттермен қатар қойып отыр. Яғни бізді кеңес республикаларының бірі деп қабылдайды. Аустралияға қайта оралайын. Олар осы күнге дейін Қазақстанда мектептер жоқ деп ойлаған екен», — дейді «Ақпараттық-аналитикалық орталық» акционерлік қоғамының президенті Серік Ирсалиев.

Қазақстанның 4 және 8-сынып оқушылары АҚШ, Англия, Германия, Канада, Аустралия, Израиль, Швеция және Дания сынды мемлекеттердегі құрдастарын басып озды. Зерттеуге 57 мемлекеттен 630 мың оқушы қатысқан. Еліміздің атынан 179 мектепте оқитын 9519 оқушы аталған зерттеуге атсалысты.

Ирсалиев қазақстандықтарды саяси имиджді көтеріп, Отан туралы жақсы сөздер айтуға шақырды. Аустралия баспасөзі де «Борат мемлекетінің» оқушыларының үздік нәтижелерін көріп қатты таңғалған. Аталған елдің Білім министрі Саймон Бирменгем де бұл нәтижені көріп Қазақстанды Борат туралы фильмге бола қаралағысы келмейтінін айтқан.

ДереккөзBAQ.kz