Салтанатты ашылуға Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев қатысты.
Ғимарат сиымдылығы 125 орын. Жоба меңгерушісі кәсіпкер Құдайбергенов Сергейдің айтуынша, мұнда бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. «Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту керек деген сөзіне толықтай қосыламыз және бұған іс жүзінде де қолдау білдіреміз», — деді ол.
Жалпы алғанда аталған жылы Талдықорған қаласында төрт балабақша ашылған. Осының арқасында кезекте тұрған балалар саны жақын арада азаяды.