Қазақстанда ұрланған 60 мың көлік шетел асқан

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов қазіргі кезде ол көліктерді қайтарған тиімсіз екенін айтты. Арада көп уақыт өтіп кеткендіктен ұрланған көліктер тозып кеткен. Айыппұл тұрағынан алу үшін де ақша төлеу керек. Сондықтан,көлік иелері жоғалған автокөліктерін іздемейді.

Ал ТМД бойынша көліктерді ұрлауға қарсы күрес туралы келісімнің арқасында ұрланған көліктерді жылдам қайтаруға мүмкіндік бар.

«Біз өз жерімізде ұрланған көлікті анықтасақ, 20 күннің ішінде көрші елдердің тиісті органдарына хабар беруіміз керек. Олардың тергеу қызметі 30 күннің ішінде дәл сол көліктердің ұрланғанын растауы тиіс. Егер бір айдың ішінде жауап келмесе, біз ол көлікті аукцион арқылы сата аламыз. Қазіргі кезде Қазақстанда ұрланған 200 көлік ТМД аймағында жүр. Соның 66-сын қайтардық», — деді Медеуов.

Айта кетейік, бүгін сенаторлар ТМД елдерінің көліктерді ұрлауға қарсы күрес келісімін ратификациялау туралы заң жобасын талқыға салды. Аталған құжатты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов таныстарды. Оның айтуынша, 2005 жылы он елдің басшылары келісімге қол қойған болатын. Бертін келе, Украина мен Грузия келісімнен бас тарты. Осы уақытқа дейін оны 6 мемлекет ратификациялады.

ДереккөзInform.kz