«Пікір қалдыру барысында ұлтаралық араздықты қоздыратын фактілер мен келеңсіздіктер, азаматтарды кемсітушілік орын алып жатады. Біз ақпараттық порталдар пікір қалдырушы туралы білуі үшін қадағалау мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отырмыз. Алайда, лақап ат пайдалану құқығын алып тастамаймыз», – түсіндірді ҚР АКМ басшысы.
Дәурен Абаевтың айтуынша, ақпараттық портал лақап атпен белгілі бір азаматтың тіркелгенін білетін болады.
«Конституцияға қайшы қандай да бір іс-әрекет орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына оны қадағалап, талап қоюына мүмкіндігі болады. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пікір жазуға, тіпті сыни пікір жазуға да шектеу қоюды көздемейді», – деп сендірді Дәурен Абаев.
Түзету енгізілген жағдайда керісінше пікірін еркін білдіру құқығы арта түседі.
Атап өтер болсақ, ағымдағы жылы Қазақстанда заңнамаға қарсы контенті үшін 3 мыңға жуық сайт бұғатталды. Осы ретте 200 мыңнан астам ескертулер әлеуметтік желілерге жіберілді.