Басты бетТүркия президенті...

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған отставкаға кетуі мүмкін

Халықтық-республикалық партия көсемі Кемал Кылычдароглу президентті миллиондаған долларды офшорлық компанияларда жасырды деп айыптаған болатын, деп хабарлайды «Астана» арнасы. Олар Ердоғанды қаржыға қатысты мәліметтерді жариялауға шақырды. Ал түрік президентінің қорғаушылары Кылычдароглуны жала жапқаны үшін сотқа беріп, 380 мың доллар өтемақы өндіріп алмақ болды.

«Егер нақты дәлеліңіз болса — айтыңыз! Сөзіңізді жауапсыз қалдырмаймын. Әйтпесе маған жала жапқаныңыз үшін кешірім сұрайсыз. Ердоғанның ақшасы шетелдік банкте жатқанын дәлелдей алмасаңыз — саясаттан кетіңіз, егер дәлелдесеңіз — мен кетемін»,- деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.