Степняк қаласында Рамазан Елебаевтың мүсіні ашылды 

Мүсіннің авторы — суретші Манарбек Бұрмағанов. Қаражат жергілікті бюджет есебінен алынып отыр, деп көрсетілген Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінде.

Рамазан Елебаев 1910 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Құдықағаш ауылында дүниеге келген.

  • 1928-29 жылдары Орынбор қаласында жұмысшылар факультетінде оқыған.
  • 1930 жылы Алматыда құрылған Қазақ атты әскер полкінде әскери борышын өтеді. Осы полктің маршына айналған  «Жолдастар»  әнін шығарған.
  • 1931 жылы Қазақ драма театрының актері болды.
  • 1933 жылы қысқа мерзімді сақшылар курсын бітіріп, Лепсі шекара күзетіне қызметке жіберіледі.
  • 1934 жылы Алматы медицина инистутытына оқуға түседі.
  • 1935 жылы Қазақстанның 15 жылдық төл мерекесіне арнап «Қазақстан», 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне арнап «Қуанышты жолсапар» әндерін жазады.
  • 1937 жылы жолдамамен Мәскеу консерваториясына оқуға түскен. 1942 жылы майданға аттанады.

Ол Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде ұрысқа қатыса жүріп, әскер қатарындағы әнші-өнерпаздардан концерттік бригада ұйымдастырады. Елебаев әндері майдандағы сарбаздарды ерлікке жігерлендірді. Сол жылы Елебаевтың Бородино түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнаған әйгілі «Жас қазақ» әнін дүниеге әкелді.