Алматыда алғаш рет ақындардың көшпелі поэтикалық дуэлі өтеді

Шараның басты ерекшелігі – дуэльде алматылық үздік жас ақын анықталады. Қай ақынның қаған атанатынын қазылар алқасы шешеді. Ал кеш жеңімпазына 250 000 тг көлемінде сыйақы беріледі.

Дуэльде филология факультетінің талантты ақындары және Алматы қаласында жүрген бір топ замандастары қатысады. Кешті ақын Ерлан Жүніс жүргізеді.

Айта кетейік, шараны  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті ұйымдастырып отыр. Алдағы уақытта дуэль еліміздің өзге қалаларында да өтеді.