Халықаралық медициналық деректер қоры отандық дәрігерлер үшін қолжетімді бола түспек

Бұл туралы денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықаралық қорда жалпы медицина ғылымы мен тәжірибесі жинақталған, әрі күн санап жаңарып отырады. Деректер қорында тек ағылшын тіліндегі дәлелді ақпарат сақталады.

Әзірге еліміздің әр өңіріндегі оқу ордаларындағы 200 компьютер осы дереккөзге қосылды. Әлемнің 150-ден астам елі пайдаланатын Clinical Key порталында денсаулық сақтауға қатысты 900 кітап, 500 медициналық журнал, егжей-тегжейлі сипатталған 350 емшаралар мен операция тәсілдері және мыңдаған мақалалар сақталған.

– Дүниежүзінде күн сайын медициналық жаңалықтар, емдеу, диагностика тәсілдері ағылшын тілінде шығып жатады. Шыны керек, осы саладағы әдебиет ағылшын тілінде басылып шығарылады. Оған қол жеткізу үшін ақшалай жазылу керек. Яғни ол тегін емес. Біз не істей аламыз? Елімізде әрбір жеке мекеме жазылам десе, бұл қымбатқатүседі. Сондықтан біз біртұтас жазылымға 2018 жылдан бастап кірейін деп жатырмыз, — деді Айнұр Айыпханова, ҚР ДСМ денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры.

Дереккөз24.kz