Фильмнің авторы және продюсері — Динара Сәтжан. Кинокартина Тараз қаласы және ШҚО-ның Глубокое ауданында түсірілген.
Динара Сатжанның айтуынша, фильмде Қазақ ұлттық хореография академиясының өнерпаздарының бір күнін тамашалауға болады.
«Туынды балет өнеріне жаңадан қадам басқан жас жеткіншектердің шынайы өмірін суреттейді. Осы фильм арқылы Қазақ ұлттық хореография академиясының өнерпаздарының бір күнін тамашалауға болады. Туындының мақсаты — балеттің зор еңбекті талап ететінін көрсете отырып, бұл еңбекке тәрбиелеушілер балаларды 6-7 жасынан бастап дайындайтынын көрсету. Балалар жап-жас болғанына қарамастан, өзінің нақты мақсатын белгілеп қойған. Академиядан еркелікпен үлкеннің мазасын алған бірде-бір баланы көрген емеспін. Онда балалар интернатта тұратындықтан, барлығы өздігімен жауапкершілікті сезінген. Олар 6-7 жасында-ақ өзінің кәсібін таңдап қойған өрендер», — дейді Динара Сәтжан.
Айта кетейік, деректі фильм 21-23 қараша аралығында «Kinopark» кинотеатрлар желісіне қарасты Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында тегін көрсетіледі.