Басты бетЖаңалықтарТарас Шевченко...

Тарас Шевченко туралы деректі фильм жарық көрді

Кинокартинада бірнеше энциклопедияға арқау болған құнды мәліметтер қамтылған. Украина ғана емес, қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне әрі қылқалам өнеріне өлшеусіз үлес қосқан украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченко саналы ғұмырының 10 жылын Қазақстан, оның ішінде Маңғыстау, Арал, Қаратау өңірлерінде өткізген. Бірқатар прозалық шығармасы мен өлеңі, салған суреттері қазақтың тұрмысымен сабақтас.

«Шевченко – қазақ даласындағы данышпан» фильмінің режиссері Евген Козактың айтуынша, алғашқыда кішкентай кітапша шығару жоспары болған.

«Бастыпқыда кішкентай кітапша шығару жоспарда болған. Кейіннен кітап басу көзделді. Құнды мәліметке толы, үлкен жинаққа татитын дүниелер жиналды. Ақыры бір деректі фильмге арқау болатын, алтын қордан алынған құнды ақпараттар табылды. Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы фильмнің жарыққа шығуына мұрындық болды. Көпшілікке ұнаған сияқты, демек картинаның келесі бөлімін көріп қалуларының әбден мүмкін», — деді ол.

Айта кетейік, небары 47 жасында өмірден озған  ақынның шығармалары әлемнің 150 тіліне аударылған, бірқатар туындысы қазақ тілінде жарық көрген.

Дереккөз24.kz