«Әуе компаниясының қызметкерлері алкоголь немесе есірткі заттарын мүлде пайдаланбайды. Компания қызметкерлердің қанындағы алкоголь немесе есірткіні анықтау үшін үнемі тексеріс жүргізіп тұрады. Роман Быков қазіргі уақытта әуе компаниясында жұмыс істемейді, осы дерек анықталған бойда ол жұмыстан қуылды», — деді баспасөз қызметінің өкілі.
Қазақстан әуе тасымалдаушылары ассоциациясының төрағасы Владимир Куропатенко 90-шы жылдардың соңындағыдай ұшу алдында пилоттарды медициналық қатаң тексерістен өткізуді ұсынды.
«Кезінде біз ұшуға бір сағат қалғанда үнемі медициналық бақылаудан өтетін едік. Біздің қан қысымымызды өлшеп, көзіміздің қарашығын тексеретін. Егер дәрігер пилоттың денсаулығында аз да болса кінәрат бар деп тапса, оның орны дереу алмастыратын», — деді ол.
Куропатенко 90-шы жылдардың соңында елімізде ұшудың алдында пилотты тексеруден өткізудің алып тасталғанын айтты. «Шетелде пилоттар медициналық баықлаудан өтпейді, біздікелер де кейін осыған көшті. Бұл өте қауіпті. Алкоголь немесе есірткі заттары биікте өте қатты зиян. Мұндай заттарды жерде қолданғанның жөні бөлек. Әуеде мұның барлығы адам миына қатты әсер етеді», — деді Куропатенко.
Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері растады. «Әуе компаниясының қызметкерлері алкоголь немесе есірткі заттарын мүлде пайдаланбайды. Компания қызметкерлердің қанындағы алкоголь немесе есірткіні анықтау үшін үнемі тексеріс жүргізіп тұрады. Роман Быков қазіргі уақытта әуе компаниясында жұмыс істемейді, осы дерек анықталған бойда ол жұмыстан қуылды», — деді баспасөз қызметінің өкілі.