БҰҰ: 2017 жылы айтып келмейтін құбылыстардың куәсі болдық

6-17 қараша аралығында өтетін жиында әлемнің 200 елінің өкілдері бас қосып, климат жөніндегі Париж келісіміне қолдау көрсетуде.

Табиғат құбылысында былтыр ең ыстық жыл болған, ал 2015 және 2017 жылдары жылылық жағынан екінші орынға шыққан делінген БҰҰ есебінде. Онда ауа қабатында көмірқышқыл газ көбейіп, теңіз деңгейі көтеріліп, Антарктида мұзы еріп жатқаны айтылады.

Баяндамада 1981–2010 жылдарға қарағанда, биыл қаңтар айынан қыркүйек айына дейінгі ғаламдық орташа температура Цельсия белгісі бойынша жылы болғаны атап өтілген.

«Біз 2017 жылы айтып келмейтін табиғат құбылыстарының куәсі болдық», — деп мәлімдеді БМҰ бас хатшысы Петтери Таалас.

Ол Атлантика және Кариб аралында болған дауылды, Пәкістан, Иран, Оман елдерінде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілгенін атап өтті. Сонымен бірге Азиядағы су тасқыны мен Шығыс Африкадағы құрғақшылық та климаттың өзгеруінен деп мысал келтірді.

ДереккөзCentralasian.org