Басты бет Экономика Шанхайда бір уақытта жүз автокөлік қуаттайтын кешен ашылды

Шанхайда бір уақытта жүз автокөлік қуаттайтын кешен ашылды

Tesla компаниясы әлемдегі ең үлкен қуаттау кешенін ашты. Ол Supercharger деп аталады.

©motor.ru

Аталған станция Шанхайда орын тепкен және бір уақытта жүз автокөлікті қуаттай алады.

Lilac International бизнес орталығының жер асты тұрағында 50 Supercharger қуаттау станциясы пайда болды. Әр станция екі автокөлікке қызмет көрсете алады. Қуаттау кешені апта бойы үздіксіз жұмыс істейді.

Бұған дейінгі Supercharger желісіндегі ең үлкен қуаттау кешені Норвегияда орналасқан болатын. Онда 20 қуаттау нүктесі бар. Қазір Калифорнияда 40 орындық қуаттау кешені салынып жатыр.

Әлемде Supercharger-дің 1032  станциясы, 7320 қуаттау нүктесі бар. Олар Солтүстік Америкада, Еуропада, Азия мен Австралияда орналасқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version