Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында күн электрстанциясы салынады

Алматы облысында күн электрстанциясы салынады

New Force атты корей компаниясы Ұйғыр ауданы аумағында күн электрстанциясын салуға ниет білдірді.

«Инвестициялар тарту жөніндегі бірқатар іс-шаралардан кейін ұқсас жасыл технологияларды «Қорғас» ХШЫО аумағында да енгізу жоспарланып отыр. Болашақта Қазақстан мен Оңтүстік Корея кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесін құруды да ойластырып жатырмыз», — деді Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қанат Қабдиев.

Сондай-ақ облыс әкімдігінде болашақ электр станциясын орналастыру үшін 300 гектар бөлу жоспарланып отырғаны атап өтілді. Алғашқы 8 ай ішінде күн батареялары  30 мВт бөлетін болады, станция толық қуаттылығына 2 жылдан кейін шығатын болады. Ауданда 70-ке жуық жұмыс орны ашылады.

Бұдан бөлек, инвестициялар тарту және инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу мақсатында «Қорғас» ХШЫҰ» АҚ инвестициялық комитетіне палата өкілі енгізілетін болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version