Еуропа лигасы: «Астана» «Маккабиді» ұтты

УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-турында "Астана" футбол клубы Израильдің «Маккаби» командасымен сырт алаңда ойнады. Нәтижесінде «Астана» 0:1 есебімен жеңіске жетті.

©inform.kz

Ойынның 56-57 минуттарында «Астана» футбол клубы «Маккаби» қақпасына гол соқты.

«Астана» өткен аптада қатарынан үш ойын өткізген.

А тобының параллельді түрде өткен арғы матчта Чехияның «Славиясына» барған испандық «Вильярреал» 0:2 есебімен жеңіске жетіп, топта 8 ұпаймен көш бастады.

«Астана» 4 ойыннан кейін 7 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді.

Үшінші орында 5 ұпаймен «Славия» келеді, ал соңғы орында қалған «Маккабиде» небәрі 1 ұпай бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version