Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қорқынышты...

Қазақстанда қорқынышты фильм түсіріліп жатыр

«Мен қорқынышты фильмдердің жанкүйерімін. Бала күнімнен американдық хоррор жанрындағы фильмдерді жақсы көремін. Соңғы үш жылда неге елімізде қорқынышты фильм емес, комедия ғана түсіріліп жатыр деп ойландым. Мен шынымен қорқынышты әрі сапалы дүние түсіргім келді. Қазір осы мақсатыма қарай қадам бастым»,-дейді Данияр Ақшабаев.

«Таулар түнегінде» фильмінің сюжеті бойынша студент жігіт телефон хабарламасы арқылы тау баурайындағы қарғыс атқан жер туралы біледі. Сөйтіп, достарымен бірге сол жерге бармақ болады.

«Идея 2015 жылы туды. Идея мен сценарий авторы өзім. Сценарий бір жарым жыл жазылды, себебі әрбір дүниені асықпай ойладым. Картина ерекшелігі күтпеген жәйттар мен ерекше соңында жатыр. Білуімше, отандық кинода мұндай жанрдағы фильмдерді түсіру сәтсіз шыққан. Менің туындым керісінше, табысты болатын шығар деп үміттенемін»,-деп қосты режиссер.

ДереккөзBrod.kz