Табысы ең көп қорқынышты фильм анықталды

Көрермендерге жақында ғана жол тартқан «Ол» фильмі прокатта 500 млн доллар жинап үлгерді. Бұл туралы Warner Brothers маркетинг бөлімінің басшысы Сью Крол мәлімдеді.

Бұған дейін «Ібілісті қуған» фильмі табысы ең көп қорқынышты кинокартина саналған еді. Фильм 441 млн доллар жинаған болатын.

«Жақсы блокбастер үшін 500 миллион доллар жинау түк те емес, бірақ қорқынышты фильм үшін шынымен тарихқа кіретін оқиға. Біз мұны мақтан етуіміз керек», — дейді Кролл.

Маркетинг бөлімінің басшысы режиссер Мускеттиді фильмнің табысымен құттықтады. Сондай-ақ, түсірілім командасы әлем көрермендерінің көңілінен шыққан фильм түсіргенін атап өтті. Кинокартина – балаларды ұрлайтын қорқынышты Пеннивайз клоуны мен жеті жеткіншек туралы.

 

Дереккөзbaq.kz