Енді азаматтарға тіркелу кезінде тұрғын үйге иелік құқығын растайтын құжаттарды немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы туралы анықтама ұсыну талап етілмейді. Оның орнына төлқұжатын берсе жеткілікті.
«Бұдан былай азаматтарды тіркеу кезінде тұрғын үйге қатысты құқық белгілеуші құжаттар немесе анықтамалар қажет емес. Мекенжай туралы мәліметтер тіркеу кодының негізінде жүйеге енгізілетін болады»,- деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев.
Жаңа механизм 1 қарашадан бастап еліміздің барлық өңірлеріндегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосылады.