«Алтын қалам» конкурсы: миллион кімге бұйырды?

Миллион теңге көлеміндегі ақшалай жүлде екі адамға берілді, деп хабарлайды Ratel.kz. Оған «Дарабоз» жылдың үздiк балалар және жасөспiрiмдер әдебиетi» және «Алаш орданың 100 жылдығы тақырыбындағы үздік жұмыс үшін» номинацияларының жеңімпаздары ие болды.

Сонымен, 1 миллион теңге қазақ тілді авторлар – қарағандылық Төкен Әлжантегі мен астаналық Әміржан Әлпейісовке бұйырды. Басқа номинациялардағы жеңімпаздар 100 мың теңгеден алды.

Лауреаттардың толық тізімі төмендегідей болды.

Қазақ тіліндегі әдебиет

«Жылдың үздiк поэзиясы» — Нұрбек НҰРЖАН (Алматы).

«Жылдың үздiк прозасы» — Мақсат ҚАРҒАБАЙ (ОҚО).

«Жылдың үздiк киносценарийi және драматургиясы» — Жомарт АЙДАРОВ (Шымкент).

«Дарабоз» жылдың үздiк балалар және жасөспiрiмдер әдебиетi» — Төкен Әлжантегі (Қарағанды).

«Жылдың үздiк сатирасы» — Ералхан ЖЫЛҚАЙДАРҰЛЫ (Ленгер).

«Алашордаға 100 жыл!» — Әміржан Әлпейісов (Астана).

«Жылдың үздiк фантастикасы және детективi» — Оралбек БЕКБОЛАТОВ (Кентау).

«Қазақ әдебиетiне қосқан елеулi еңбегi үшiн» — Шерхан МҰРТАЗА.

Орыс тіліндегі әдебиет

«Жылдың үздік поэзиясы» — Дастан ӘБІЛДИН (Көкшетау).

«Жылдың үздік прозасы» — Гауһар КЕҢЕСОВА (Алматы).

«Дарабоз» жылдың үздiк балалар және жасөспiрiмдер әдебиетi» — Диляра МУФТАХУТДИНОВА (Көкшетау).

Есенжол ДОМБАЙ атындағы «Жылдың үздiк сатирасы» – Александра СУСЛОВА (Қостанай).

«Жылдың үздiк фантастикасы және детективi» — Ольга ВОРОНКОВА (Семей).

«Жылдың үздiк киносценарийi және драматургиясы» — Нұрлан

САНЖАР және Бану РАМАЗАНОВА (Алматы).

«Жылдың үздік шетелдік авторы» — Владимир ШАБЛИНСКИЙ (Беларусь).

«Алашордаға 100 жыл!» — Диляра МУФТАХУТДИНОВА (Көкшетау).