Air Astana aвиацияда қызметкерлердің жетіспеушілігі мәселесін қалай шешеді?

«Эйр Астана» әуекомпаниясы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда компанияда 5000 қызметкер жұмыс істейді, ал ұшақтар паркінде 31 әуе кемелері бар. «Эйр Астана» әуекомпаниясы 65 халықаралық және ішкі бағыттар бойынша рейстерді орындайды. Алдағы 10 жылда флотты 64 авиалайнерге дейін кеңейту жоспарлануда. Қызметкерлер саны 2020 жылға дейін 11%-ға артады. Әуе тасымалдаушысы ұшқыштарға, инженерлерге, механиктерге, бортсеріктерге және жолаушыларға қызмет көрсету агенттеріне мұқтаж.

Қазақстанның ұлттық  әуе тасымалдаушысы заманауи шетелдік ұшақтарын пайдаланады және EASA Part-145 халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай жұмыс жасайды. Компанияны ұшқыш және инженерлік-техникалық қызметкерлерімен қамтамасыз ету мақсатында «Эйр Астана» әуекомпаниясының оқу орталығын құрды.

«Қазіргі таңда «Эйр Астана» әуекомпаниясы ab-initio бағдарламасы бойынша ұшқыштарды Испания мен Ирландияда және бортсеріктерді Германияда, Ұлыбританияда және Қазақстанда дайындайды. Ағымдағы жылдан бастап біз авиатехниктерді Астана қаласындағы өзіміздің инженерлік-техникалық орталығымызда PART-66 стандарты бойынша оқытуды бастаймыз. Осылайша, біз қызметкерлердің жетіспеушілігін толтырып қана емес, сондай-ақ қазақстандық жастарды және беделді мамандарды тәрбиелеу арқылы өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді көрсетеміз», — дейді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

2009 жылы ab-initio ұшқыштарды дайындау бағдарламасы басталғаннан бері оны 189 кадет сәтті бітіріп, қазір компанияда екінші ұшқыштар мен командирлер қызметін атқарып жүр. Жыл сайын Испаниядағы Херес ұшу орталығында және Ирландиядағы Корк қ. 24 кадет оқиды. 2018 жылы кадеттер санын 40 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Авиациядағы тағы да талап етілген мамандық – «бортсерік». Әуекомпаниямызда 1120 бортсерік қызмет атқарады. «Эйр Астана» 3 тіл білетін, ұйымшыл және төтенше немесе дағдарыс жағдайында жұмыс істей алатын үміткерлердің арасынан іріктейді. Бортсеріктер ұшақтағы және жалпы әуедегі қауіпсіздікке, экипаж ресурстарын басқару, алдын-ала медициналық көмек көрсету, нақты ұшақ түрлері бойынша жұмыс істеу, жолаушыларға қызмет көрсетуді үйренеді. Теорияға үйрету Алматы және Астанада өтеді. Ал практикалық бөлім Франкфуртта Condor орталығында немесе Лондонда British Airways оқу орталығында өтеді. Практикалық сабақтар кезінде бортсеріктер шынайы өртті сөндіру және бассейнде суға батқандарды құтқару дағдыларын үйренеді.

2018 жылы PART – 66 авиатехниктерді дайындау бағдарламасы басталды. 16 айға созылатын курс барысында  15 адамды оқытуды жоспарлаймыз. Бағдарламаны бітіріп шыққан үміткерлер  екі техникалық мамандықтардың бірін алып шығады: «механик-техник» немесе «техник-авионик».

Евгения Ни, «Эйр Астана» АҚ қызметкерлерді басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президент: «Біздің бағдарламаларымыз бірегей болып табылады, себебі оқыту толығымен әуекомпания есебінен жүзеге асырылады. Оқуды бітірген үміткерлерге халықаралық мақұлдаулар, сертификаттар мен лицензиялар беріледі және «Эйр Астана» әуекомпаниясында барлық емтихандар сәтті өткеннен кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Біз мектеп оқушылары мен студенттерді және ата-аналарды авиациялық мамандықтарға назар аударуын сұраймыз. Аспан туралы армандайтын және көп нәрсені үйренуге дайын Қазақстанның кез-келген азаматы өзін-өзі сынап көре алады. Өміріңізді авиациямен байланыстырсаңыз, қызықты әрі талап етілетін мамандықты алып шығасыз. Бізге келіп, арманыңызды іске асырыңыз!».

Толық ақпаратты «airastana.com» сайтында «Мансап мүмкіндіктері» бөлімінен таба аласыз.