Ресейлік туристердің Қазақстанға қызығушылығы артып отыр

Солтүстіктегі көршілеріміз күзгі мерекелерді Астанада қарсы алуды әдетке айналдырған. Кей сайттардағы деректерге сүйенсек, баспана брондау бойынша елордамыз ТМД елдері арасында Минск қаласынан кейінгі екінші орында тұр.

Кристина Колесникова, аумақтық маркетинг орталығының әріптесі: Тек Ресей ғана емес, жалпы ТМД елдерінің қызығушылығы артып отыр. Сіздер бірінші сапалы өнім өндіріп, оған жоғары сұранысты қалыптастырдыңыздар. Бұл – біз үшін тың қадам. Тұтынушылар таза өнімге мұқтаж. Енді олар қалаған тауарын Қазақстаннан да таба алады.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілеттігі ұйымдастырған конференцияда Қазақстандағы туризм мәселесі талқыланды. Мәскеуде B2B форматында өткен жиынға туристік индустриядан 120-дан астам маман қатысты. Оның қатарында ірі туроператорлар мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Джахангир Заиров, туроператор өкілі: Қазақстанның әсем табиғатын шетелдіктерге көрсетуіміз керек. Өйткені Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында көрікті жерлер көп, бұл артықшылықты тиімді пайдалану керек.

Дереккөз24.kz