Басты бетЖаңалықтарОтандық "Кинодан...

Отандық «Кинодан да артық» комедиясының трейлері жарық көрді

«Кинодан да артық» фильмінде толықметражды фильм түсіруді армандап жүрген жас режиссер туралы баяндалады.

Картинадағы басты рөлдерді Данияр Алшынов пен Аружан Жазылбекова сомдайды. Сондай-ақ, көрермендер комедиядан Дәурен Айдарқұлов, Жәния Джуринская және Газрет Ержановты көре алады.

Айта кетейік, «Кинодан да артық» туындысы Асқар Бисембиннің бесінші толықметражды фильмі. Комедия 23 қараша күні үлкен экранға жол тартады.