Көкшетаулықтар армрестлингтен Азия кубогында топ жарды

Тараз қаласында армрестлингтен «Open Asian Armwrestling Cup» Азия кубогы өтуде. Байрақты жарысқа Жапония, Германия, Үндістан, Грекия,  Хорватия, Болгария, Ресей, Литва, Иран, Украина, Тəжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері мен  Қазақстан Республикасынан жиналған 300-ден астам спортшы қатысты.

Қатысушылар 10 салмақ бойынша күш сынасты. Қазақстан құрамасы сапында болған 10-нан астам  ақмолалық армрестлер шеберлерінің  ішінде 60 келіде сынға түскен Дмитрий Тюков жарыс жеңімпазы атанды.

«Кілең мықтылардың арасында ел абыройын асқақтатып, жеңімпаз атану мен үшін үлкен бақыт», — деді Д.Тюков.

Сонымен қатар, тағы бір ақмолалық Андрей Глухов  70 келі салмақта қолa жүлдеге қол жеткізді. Ал, Валерий Тесляға сəл сәттілік жетпей төртінші орыннан көрінді. Жаттықтырушылары Илья Ильиннің сөзінше алда əлі «Мүмкіндігі шектеулі спортшылар», «Ардагерлер» жəне «Ересектер» арасында өтетін жарыста ақмолалық спортшылардың жүлде салатынына сенім бар.