Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстанға арналған елдік бағдарламасы инклюзивті және тұрақты экономикалық өсуге, шағын және орта бизнесті дамытуға, халықтың осал топтарына қолдау көрсетуге, сондай-ақ гендерлік мәселелерді шешуге жағдай жасауға бағытталған.
«ЭЫДҰ елдері Қазақстан үшін үлгі тұтатын бағдар болып табылады, сондықтан ынтымақтастық біз үшін маңызды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
А.Гурриа елде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді және ЭЫДҰ-ның елімізге қажетті консультативтік көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
ЭЫДҰ басшысы Сенат төрағасын Ұйымның парламенттік шараларына қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәжірибесін барынша пайдалануға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін келешекте Ұйымның сараптамалық әлеуетін пайдалануға ниетті екенін атап өтті.