Кинокартинаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Адигул продакшн» кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.
Туындыда балалар үйінің 6 жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің ардагері арасындағы достық туралы баяндалады.
«Біздің қаланың ханзадасы» фильмінің тұсаукесері биылғы жылы 1 маусымда Астана қаласында өтті.
Фильмнің түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысының Бурабай ауылында өтті. Басты рөлдерді Әнуар Төлеуғажы және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай («Жаужүрек Мың Бала», «Жоюшы», «Тығырықтан жол тапқан») сомдады. Сонымен қатар, фильмге Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка және драма театрының (Астана қаласы) актерлері түскен.
Айта кетейік, көрермендер «Біздің қаланың ханзадасы» фильмін еліміздегі кинотеатрлардан көре алады.