Сөйтіп, қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын (WBC International екінші жартылай жеңіл салмағы) қорғап қалды.
Кездесу 10 раундқа созылды. Оны Golden Boy Promotions бокс кешінің аясында АҚШ-тың жетекші телеарналарының бірі — ESPN арнасында көрсетілді.
Еске сала кетсек, жеңіліп көрмеген Сойлыбаев кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Варгас болса кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңіліс тауып отыр. Ал бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта жұдырықтасатын пуэрториколық Габриэль Росадо (23-11, 13 КО) мен америкалық Глен Тапианың (23-4, 15 КО) арасында өтетін жекпе-жек болады.