Ұлттық банк төрағасы криптовалютаға шектеу қоймақ

«Процестің күрделілігі криптовалюталардың ерекшелігінде, олардың ұлттықтан жоғары сипаты бар, сондай-ақ біреудің, оның ішінде мемлекеттің міндеттемесі немесе кепілдігі болып табылмайды», — Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев.

Төрағаның айтуынша, жеке тұлғалардың криптовалюта операциялары Қазақстанда шектелуі керек. Өйткені криптовалюта терминінің бірнеше анықтамасы бар және ол нақтыланбаған.

«Сол үшін қазір Ұлттық банк бірнеше шара қабылдауда. Біздің ойымызша, спекуляциялық шаралардың қатерін ескере отырып, криптовалюта айналымына шектеу қою керек. Әрине, криптовалюта деген басқарылатын нарық емес, онда азаматтардың өздері тәуекелді мойындарына алады. Дегенмен, олар ертеңгі күні ақшаларын жоғалтып алса, Үкіметтен көретіні анық», — деді Данияр Ақышев.

Бас банкирдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан ешбір криптовалютаға сенбейді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында мемлекет басшысы халықаралық криптовалюта құру туралы ұсыныс айтқан еді.

Осы жайында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ортақ криптовалюта нарығын құру мәселесі өте күрделі екенін айтқан болатын.

ДереккөзNaryk.kz