Данияр Ақышев: Теңге бағамы рубльге тәуелді емес

Ресей біздің жалғыз сауда әріптесіміз емес. Сондықтан теңгенің айырбас бағамы рубльдің ізін баспады. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады Bnews.kz.

Ресей біздің жалғыз сауда әріптесіміз емес, сондықтан рубль мен теңге арасындағы өзара байланыс абсолютті бірдей болуы мүмкін емес.

«Ресей – басты сауда әріптесіміз,  ол тауар айналымы құрылымымызда басты орынды иеленеді. Алайда  импортағы оның үлесі бар болғаны  34%.  Егер көрсеткіш жүз пайыз болғанда, рубльге байлану әділетті болатын да еді», – деп түсіндірді Қазақстанның бас банкирі.

Оның сөзінше, валюта бағамдарының айырмашылығын екі елдің инфляция деңгейін ескеріп, нақты айырбас бағасы тұрғысынан  қарау қажет. Валюталардың қазіргі ара қатынасы қазақстандық өндірушілердің нарықта бәсекеге қабілетті болып, ішкі өндірісті қорғауына мүмкіндік бере алады.

Екі валютаның дұрыс тепе теңдігін ұстау – бүгінгі күннің шынайы көрінісі. Өйткені, біз капиталы, жұмыс күші, тауары мен қызметтерінің қозғалысы үшін кедендік шекара мен кедергілерден ада – Біртұтас экономикалық одақта өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан онымен санасуға мәжбүрміз. Осындай жағдайларда,  оның  ішінде  айырбас бағамы бойынша көрсеткіштер есебінен нарықта бәсекелесуге болады  деп есептейді Данияр Ақышев.

ДереккөзBnews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады

1 сәуірде Алматының таулы аймақтарында аяз болады. Бұл туралы Алматының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Биыл көпбалалы отбасылар 66,9 миллиард теңге жәрдемақы алды

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 миллиард теңге. 

Қазақстан бочча федерациясы халықаралық федерацияның құрамына енді

Қазақстан бочча федерациясы ресми түрде Boccia International Sports Federation (BISFed) – халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды.

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға белсене қатысқан азаматтарға алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында сайлауға белсене қатысқан азаматтарға алғыс айтты.

«Ақ жол» партиясының мәжілістегі депутаттары анықталды

27 наурызда «Ақ жол» демократиялық партиясының ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда парламент мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді.