Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қатынастар орнаған 25 жылда екі ел арасындағы барлық саладағы, әсіресе, саяси және сауда-экономикадағы ынтымақтастық іс жүзінде дами түсті.
Екіжақты өзара іс-қимыл туралы айта келіп, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда халықаралық логистикалық хаб құруға бағытталған трансқұрлықтық инфрақұрылым жобаларының іске асуына байланысты вьетнам бизнесі үшін ашылатын мүмкіндіктерге тоқталды. Сондай-ақ ол ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асыру тұрғысында біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымын одан әрі ұлғайтудың келешегі зор екенін атап өтті.
Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру жөніндегі Қазақстанның тәжірибесі және онда діни және саяси қайраткерлер қазіргі замандағы аса маңызды мәселелерді талқылайтыны туралы Сенат төрағасының ақпараты меймандардың зор ықыласын туғызды.
Вьетнам делегациясы басшысының пікірінше, бұл форум ұлтаралық және дінаралық бейбітшілік және келісім жөніндегі Қазақстан басшылығының жемісті саясатының жарқын көрінісі.
Айта кетейік, тараптар екі ел арасындағы сауда, өзара гуманитарлық іс-қимыл, мәдени және туристік сапарлар мәселелерін талқылады.