Басты бетҚоғамБүгін жымию...

Бүгін жымию күні

Дүниежүзілік жымию күні

1999 жылдан бері жыл сайын қазанның алғашқы жұмасы күні жымию мерекесі тойланады. Осы атаулы күнге суретші Харви Бэллдің еңбегі ерекше сіңген. Ол ХХ ғасырдың ортасында сақтандыру компанияларының бірінің тапсырысымен бүкіл әлемге танымал болған жымию символын ойлап тапты.

Дүниежүзілік табиғи ортаны қорғау күні

Жетісу, табиғат

1979 жылы Еуропада жабайы фауна мен флораны, жануарлар жайлаған табиғи ортаны қорғау туралы Берн конвенциясы бекітілді.

Беларусьте мұрағатшылар күні

Бұл күн Витебск көне актілер кітаптарының орталық мұрағаты құрылған датаға байланысты белгіленген. Ол тұңғыш орталықтандырылған мемлекеттік мұрағат өз жұмысын 1863 жылы бастады.

Түрікменстанда жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні

Жер сілкінсі

Бұл 1948 жылы Ашхабадтағы жер сілкінісінде қаза тапқандарды еске алу күні. Қазанның 5-нен 6-на қараған түні сағат 1:12-де болған зілзаладан қаланың едәуір бөлігі қираған болатын.