«Форсаж 9» (Fast & Furious 9) фильмі 2019 жылдың сәуір айында үлкен экранға шығады деп жоспарланған еді. Прокат мерзімі 2020 жылдың 10 сәуіріне шегерілді. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Ақпарат агенттігінің жазуынша, Universal Pictures кинокомпаниясы шегеру себебені түсіндірмеген. Есесіне, «Форсаж 8» (The Fate of the Furious) картинасының 1,2 млрд доллар жинағанын айтты. Ол 290 миллион долларға түсірілген еді.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы «Форсаж» көрермен назарына 2001 жылы ұсынылған болатын. Ол кезде жалғасын түсіру жоспарда болмаған екен.