Нұртас Адамбай жылдың үздік режиссері әрі продюсері атанды

Нұртас Адамбай – L’Officiel Awards 2017 нұсқасы бойынша жылдың үздік режиссері әрі кинопродюсері атанды.

Алматыда алғаш рет L’Officiel Awards 2017 жүлдесі өтті. Шараны L’Officiel және L’Officiel Hommes журналдары Lexus Kazakhstan компаниясымен бірігіп ұйымдастырды.

Байқау лауреаттары ғаламтор арқылы дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды. Жарты ай бойы қазақстандықтар 13 номинацияның үздіктерін таңдады. Нәтиже бойынша Нұртас Адамбай «Жылдың үздік кинопродюсері әрі режиссері» атанды.

«Жылдың үздік актрисасы» жүлдесін Аружан Жазылбекова иеленді. «Жылдың үздік актері» жүлдесіне Ерден Телемісов ие болды.

ДереккөзBrod.kz