Нұртас Адамбай “5 күндік күйеу жігіт” фильмін түсірмек

Отандық режиссер Нұртас Адамбай «5 күндік күйеу жігіт» («Жених на 5 дней») фильмінің түсіріліміне кірісті. Режиссердің айтуынша, аталмыш комедияны түсіруге көптеген көрермендердің сұраныстары себеп болған.

Нұртас Адамбай

«Шынымды айтсам, мен кезекті драмамды түсіруді жоспарлап жүрген едім. Дегенмен, көрермен менен комедия туралы ұмытпауымды сұрағандықтан, бас тарта алмадым. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздаршы, достар! Қызықты туынды дүниеге келеді деп үміттенемін»,-деп жазды Нұртас Адамбай өзінің Instagram парақшасына.

«5 күндік күйеу жігіт» фильмі – отбасылық романтикалық комедия. Картинадағы басты рөлді актриса, тележүргізуші Гүлнара Сильбаева сомдайды. Актрисаның фильмографиясында «Сыныптастар» мен «Базарбаевтар»хикаялары, «Сүт, қаймақ, қатық» және «Гламур для дур» кинотаспалары бар.

Нұртас Адамбай өзі де осы фильмде басты рөлді сомдамақ.

Айта кету керек, «5 күндік күйеу жігіт» жобасы Гүлнара Сильбаева мен Нұртас Адамбай үшін бірігіп жасаған алғашқы жұмыстары болмақ.