Басты бетҚырғызстанда президент...

Қырғызстанда президент сайлауына дейін парламент отырысы өтпейді

Жогорку Кеңештің пленарлық отырысы екі аптаға тоқтатылады. Бұл туралы 28 қыркүйекте парламент спикері Чыныбай Тұрсынбеков мәлімдеді.

«Тіркеуден 59 депутат өтті. Бұл кворум жоқ деген сөз. Сондықтан бүгінгі жиналыс аяқталды. Енді біз тек комитеттер мен фракцияларда кездесеміз. Әрі қарай – сайлаудан кейін», — деді ол.

Қырғызстан парламентінде барлығы 120 депутат бар. Аптасына екі рет депутаттар заң жобасын талқылап, дауыс беру үшін жалпы отырыс өткізеді.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазан күні өтеді.

ДереккөзCentralasian.org