Бүгін «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасы топтық кезеңінде чехиялық «Славиямен» кездесу өткізді. Матчтың 18-минутында «Славия» сапындағы камерундық қорғаушы Майкл Нгадеу Нгаджуи ойындағы алғашқы голды соғып, чехиялық команданы алға шығарды. Бірінші таймның 43-минутында «Астана» футболшысы Марин Томасов қарсылас қақпасына гол салып, есепті теңестірді. Алғашқы 45 минуттан кейін есеп өзгеріссіз қалды.
Күннің суықтығына қарамастан сүйікті футболшыларын қолдауға жиналған астаналықтар қарасы көп болды.
Айта кетейік, «Астана» клубы еурокубок ойындарында өз алаңында 2014 жылдың тамызынан бері жеңілген жоқ.