Қазіргі таңда аталған жобаға 4 млн теңге бөлді. Қазақ тіліндегі 150 мың сөз бен сөз тіркестері дыбысталып, Google компаниясына жіберілмек. Жоба 2 жылда жемісін береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.
«Google Translate жүйесіне қазақ тілінде ауызша аудару қызметі қосылады. Бұл коммерциялық емес ұйымның жобасы. Жоба бойынша қазақ тілінің 15 томдық түсіндірмелі сөздігіндегі барлық сөздер мен сөз тіркестері қазақ тілінде дыбысталуы тиіс. Бұл 150 мың сөз бен сөз тіркестері аударылады деген сөз»,- деді ол. жаңа технологияларда қолдануға мүмкіндік береді.