«Қазір үйге барып, тауда, таза ауада демалуым керек. Қазы-қарта жеп, шамалы салмақ жинау ойда бар. Содан соң темір көтеріп, физикалық дайындығымды күшейтпекпін. Одан кейін техника мен тактикама жұмыс істеймін. Демалыстан кейін менеджерім Әли Абду-Азизбен, ACB басшылары және Alash Pride клубының басышысы Данияр Қасқарауовпен ақылдасамын. Дегенмен, желтоқсан айында тағы бір кездесу өткіземін», — дейді Арман Оспанов.
Арман Оспанов ережесіз жекпе-жектегі өзінің соңғы кездесуін Алматыда өткен АСВ-69 турнирінде өткізіп, бразилиялық Тьяго Луистан жеңіліс тапқан болатын. Бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.