Қазақстандағы тұтқындар санын қалай азайтуға болады?

Қазақстан түрмедегі тұтқындар санын азайтуды көздеп отыр. Енді жыл сайын алты мыңға жуық адам бақылауда ғана ұсталмақ.

Фото: Glavk.info

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов парламент мәжілісінде ел түрмелерінде тұтқындар саны азайғанын мәлімдеді. Тұтқындар саны 2011 жылы 57 мың болса, биыл 35,5 мыңға дейін азайған.

«15 жыл бұрын Қазақстан тұтқындар саны жөнінен әлемде АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында тұрған болса, қазір 68-орында тұрмыз» деді ішкі істер министрі.

Сондай-ақ, Қасымов адамды бас бостандығынан айырмайтын қылмыстық жаза қолдану арқылы түрмедегі тұтқындар санын азайтуға болатынын айтты.

Енді шартты мерзімге сотталған және бас бостандығы шектелгендерді қадағалайтын электрондық құрылғыларды пайдаланатын пробацияның «толық циклі» заң күшімен жүзеге асырылады. Жаңа жүйе жыл сайын алты мыңға жуық адамды бақылауда ұстауға көмектеседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version