Басты бет Жаңалықтар Apple-дің жаңа жүйесінде 187 мың қосымша істемейтін болады

Apple-дің жаңа жүйесінде 187 мың қосымша істемейтін болады

iPhone мен iPad-қа арналған 187 мың қосымша жаңа iOS 11 операциялық жүйесінде істемейтін болады.

©imore.com

Бұған дейін Apple компаниясы жаңа нұсқада 32-битті қосымшадан бас тартатынын айтқан болатын. Sensor Tower мәліметінше, ондай бағдарламалар барлық AppStore-дің 8 пайызын қамтиды.

Сарапшылардың айтуынша, Apple қосымша иелеріне міндетті түрде жаңарту жұмыстарын жүргізу керектігін 2015 жылы ескерткен. Тіпті, iOS 10 бета-нұсқасында ескі бағдарламалар жаңа жүйеде жұмыс істей алмайтыны туралы хабарламалар да шығып тұрады. Бірақ, 187 мың қосымшаға қатысты еш шара қолданылмаған.

iOS 11 операциялық жүйесі Калифорнияда 5-9 маусым аралығында өтетін WWDC 2017 конференциясында таныстырылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version