Парламент Сенатының отырысы өтті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламент Сенатының Бюро отырысы өтті. Отырыста Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің парламенттік сессияның ашылуында алға қойған міндеттеріне сәйкес депутаттар үшжылдық республикалық бюджетті қарастырды.

«Біздің барлық жоспарлы жұмыстарымыз Президент айқындаған заңдарды алдын ала мұқият пысықтауға бағытталуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенат бюросының мүшелері «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өткізуге дайындықты талқылады. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті  22 қыркүйек күні шара өткізуді жоспарлады.

Бюрода сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға және шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу, сондай-ақ Сенаттың 2017 жылға арналған негізгі шаралар жоспарына өзгерістер туралы мәселелер қаралды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version