Тілдер күні
1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстар аталған мерекені жыл сайын атап өтеді.
Қазақстанда 100-ден астам ұлттардың өз тілдерін оқытатын мектептері бар. Қазақстан Ассамблеясы оларды мәдени-рухани қолдау үшін қызмет етуде.
OneWebDay
22 қыркүйек адамдардың назарын ғаламторға қолжетімділіктің маңызына аудару мақсатында OneWebDay деп аталды. Оны 2006 жылы Сьюзан Кроуфорд және кейбір танымал тұлғалар алғаш рет атап өтті.
Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні
Осындай атаулы күнді өткізу идеясы 1998 жылы Францияда дүниеге келген. Алғашында бұл шараға жиырма шақты қала ғана қатысты. Ал 2001 жылы бұл қозғалысқа 35 елдің мыңдаған қаласы қосылды.
Бұл күні Еуропаның ірі қалалары автокөлікті пайдалануын қысқартады, қала ішінде трамваймен, троллейбуспен, автобуспен, метромен және де қоғамдық көліктің басқа түрлерімен, сонымен қатар жаяу жүреді немесе велосипедті пайдаланады.
Бүкіләлемдік мүйізтұмсық күні
Халықаралық мерекені Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының Оңтүстік Африка бөлімі 2010 жылы мүйізтұмсықтардың: ақ, қара, үнді, явалық және суматралық бес түрін жойылудан сақтап қалуға қоғамдастық назарын аудару мақсатында белгілеген.