Нұрсұлтан Назарбаев бірегей мемориалдық «Батыр бабалар» кешенімен танысты

Елбасы Алматы және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қарасай ауданы Райымбек селолық оркугі аумағында орналасқан, мемориалдық «Батыр бабалар » кешенін тамашалап қайтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Батыр бабалар» кешені «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті басшылық және меценаттар көмегімен ашылған болатын.

Елбасы мемориалдық кешеннің Сақ дәуірінен «Алашорда» хандығы құрылғанға дейін, тәуелсіздіктің орнығуына үлкен үлестерін қосқан әйгілі хандар мен билер, ерлігімен туған жерінің атын шығарған батырлар жайлы экспозицияларымен танысты.

Экспозицияның орталық бөлігінде батыр ата-бабаларымызға деген құрметімізді көркемдейтін туындылар көрсетілген. Бұдан басқа, Елбасымызға Қазақстан тарихына кірген тарихи тұлғаларды көрнекі түрде сипаттайтын, басқыншылармен күресте туған жерінің атын шығарған әйгілі хандар, билер мен батырлардың портеттік галереясы көрсетілді.

Сондай-ақ, Елбасымызымыз Алматы облысының белсенді тұрғындарымен кездесіп, Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және өңірдің болашағы жайлы сөз қозғады.