Желіде жағымсыз пікір жазғандар жауапкершілікке тартылады

Альбина Әтей ғаламтор ресурстарының барлығы Заңға сәйкес БАҚ қатарына жататынын айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттар БАҚ өнімі болып табылатынын растады.

«Кімге тиесілі екеніне қарамастан, интернет-ресурста және әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты нақтылау мен тексеру «БАҚ туралы заңға» сай. Мұндағы ақпарат заңды және жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделеріне қайшы болмауы керек», — дейді министрлік өкілі.

Заңдағы талаптарға сай келмейтін ақпаратты таратушы адамға 5000 АЕК айыппұл салынады немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

ДереккөзTengrinews.kz