Басты бетГеннадий Головкин...

Геннадий Головкин жекпе-жек өткізуі мүмкін бес боксшы

Бірінші үміткер — орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерсон. Ұлыбританиялық боксшы Головкинге желтоқсанда жекпе-жек өткізуге шақырған болатын. Геннадий Головкинге орта салмақта толықтай чемпион атану үшін дәл осы ұлыбританиялықтың белбеуі жетіспей тұр.

Екінші үміткер — америкалық Джермалла Чарло. Бұл WBC тұжырымы бойынша міндетті жекпе-жек.

Үшінші үміткер — украиналық Сергей Деревянченко. IBF тұжырымы бойынша міндетті жекпе-жек.

Төртінші үміткер — пуэрторикалық Мигель Котто. Ол желтоқсанда соңғы жекпе-жегін өткізіп, кәсіпқой бокстан кететіні туралы айтқан еді. Сонымен қатар ол Головкин — Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді сұраған.

Бесінші үміткер — Сауль «Канело» Альварес. Головкин мамырға дейін күтіп, мексикалықпен реванш өткізуі мүмкін.

Айта кетейік, Головкин — Альварес арасында Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

ДереккөзVesti.kz