Басты бетЖаңалықтарТәбетті басудың...

Тәбетті басудың бірнеше тәсілі

• Тәбетті басу үшін тамақтанар алдында бір стақан томат шырынын немесе минералды су ішіңіз. Осылайша асқазан жартылай суға толады да, сіз әдеттегіден азырақ тамақ жейсіз.
•Психологтар көгілдір түсті ыдыспен тамақтануға ке­ңес береді. Тап осы түс адамға тыныш­тандыратын әсер береді екен. Ал ашық түстер, керісінше, тәбетті аша түседі.
• Көзіңізді алдаңыз. Шағын, терең емес ыдыспен тамақтаныңыз.
• Тұзды, бұрышты, сондай-ақ тә­бетті арттыратын дәмдеуіш­терді аз қабылдаңыз.
• Майлы азық-түліктерді, тіпті мереке кезінде де сатып алмаңыз.
• Тамақты асықпай, жайлап іші­ңіз. Тойғаныңызды тек 20 ми­нуттан соң ғана сезесіз. Сондықтан, 20 минут ішінде асқазаныңызды артық тамақпен толтырып алмаңыз.

тәбет• Кітап, газет оқып отырып, немесе теледидар көріп тамақтануды әдетке айналдырмаңыз. Семірудің бірден бір жолы осы.
• Тоңазытқышыңызда, жұмыс орныңыздағы сөреде аздап жеміс-жидек болғаны дұрыс. Қатты қарныңыз ашса, алма не сәбізді жеп алыңыз. Оларды көп жей алмайсың, бірақ пайдасы зор!
• Қарныңыз ашып тұрғанда, ешқашан дүкенге азық-түлік сатып алуға кірмеңіз. Осылайша сіз бітіміңізді бұзатын тағамдарды сатып алудан қорғана аласыз.
• Кәдімгі таңғы асты бидай, сұлы, қара бидай өскіндерінен бастаңыз. Тап осылардың құрамында майдың жиналуын азайтып, ағзадан артық сұйықтықты шығаратын «В» тобының дәрумендері көп.
• Көкөністердің құрамында жасұнық (клетчатка) көп болғандықтан, таңғы асты кез келген салаттан бастаған тамаша. Жасұнық қан тамырларын холестериннен тазартып, ішек жұмысын жақсартады.
• Асқазанды тез толтырып, зат алмасуды жақсарту үшін бұршақ, нұт, үрме бұршақ (фасоль), жасымық жеген дұрыс.

Тәбет• Егер жатар орынға қарныңыз ашқанын сезсеңіз, тісіңізді тазалаңыз. Аштық сезімі айтарлықтай басылады.
• Аштықты басатын қарапайым жаттығу – 10-20 рет терең дем алыңыз.
• Көп тамақтанатындарға күніне 5 рет дастарханға жайғасуға кеңес беріледі. Және әр отырғанда құнарлылығы төмен тамақтан аздап жеген дұрыс.
• Сондай-ақ тәбетті қашыру үшін бір стақан шөптен даярланған шай ішсеңіз болады.