Дональд Трамп: «БҰҰ жұмысының нәтижесі бөлінген қаражатты ақтамайды»,- дейді.
Бұл туралы ол дүйсенбі күні БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кеңсесінде айтты. Дональд Трамп осы орайда басқа да әлемдік жетекшілерді бастаманы қолдауға шақырды.
АҚШ БҰҰ-на үлкен қаржы бөліп отыр. Биылдың өзінде 600 млн доллар бөлген. Ұйымның жылдық бюджеті — 2,5 млрд доллар. Сонымен қоса, Вашингтон жыл сайын 2 млрд долларды БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына береді.
Трамп БҰҰ-ның беделін қалпына келтіруге шақырды. АҚШ президентінің пікірінше, ол үшін ұйым істеген істеріне есеп беріп отыруы тиіс.