Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекте нокаут, нокдаун тіркелген жоқ.

Алғашқы раундта қос боксшы да ашық шабуылға шықпады. Екінші раундтан бастап боксшылар белсенді қимылдады. Үшінші раундта GGG мексикалық қарсыласына жойқын соққыларын дарытты. Дегенмен Канело да сауатты қорғанып, дәл соққылар жасауға тырысты. Жетінші раундта Головкин мықты әрі дәл соққыларын жаудырды, Альварес те қарап қалмады. Тоғызыншы раундта да дәл осы қарқын байқалды.

Соңғы раундтарда боксшылар жеңіске жету үшін бар күштерін салды.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша, бір төреші Канелоға, бірі Головкинге, ал үшіншісі екі боксшыны тең жұдырықтасты деп баға берген. Осылайша қос боксшы тең түсті.

«Мен жеңілмедім. Мен әлі де чемпионмын. Мені қолдаған әр жанкүйеріме алғысымды білдіремін. Реванш болғанын қалаймын. Тағы да жекпе-жекке шыққым келеді», — деді Геннадий Головкин жекпе-жектен кейін.

«Реванш болғанын қалаймын, әрине халық қаласа», — деді Сауль «Канело» Альварес.

Айта кетейік, боксшыларға кездесуден кейін 15 млн доллар көлеміндегі гонорар беріледі.

2 пікір

  1. Беттин кара дагын калай кетирсе болады

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!