Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Латын әліпбиіне қатысты қалай ұсыныс білдіруге болады?

©the-steppe.com
  • Латын қарібіне қатысты ұсыныстарды #latyn хэштегімен әлеуметтік желілерге жазба жариялау арқылы білдіруге болады. Бұл туралы «Қазконтент» акционерік қоғамының басқарма төрағасы Евгений Кочетов өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Ұсынылып отырған әліпбидің жобасына қатысты ұсыныстарыңызды #latyn хэштегі арқылы жеке парақшаңызда жариялай аласыз. Аталған хэштег арқылы барлық ұсыныстар жинақталып, арнайы құрылған жұмыс тобы мүшелері мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірлесіп, туындаған сұрақтар бойынша нақты кең түсініктеме береді»,-деп жазды ол.

  • Сондай-ақ, Ruh.kz порталына кез келген интернет қолданушысы латын әліпбиі туралы пікірлері мен сұрақтарын қалдыра алады. Бұл әдіс те жаңадан қабылданатын латын әліпбиі нұсқасына әсер етеді. Қолданушылардың ойы мен пікірін арнайы оперативті режимде портал қызметкерлерімен бірге тіл институтының қызметкерлері қарап, сол тұрғыда жұмыс істейтін болады.

Мақалаға реакция

11 Пікір

  1. П
    Перизат 9 жыл бұрын
    Дұрыс жасалған бастама. Осылай қоғамның ойын бір топқа жинауға болады.
  2. Ж
    Жадра 9 жыл бұрын
    Латын қаріпінің нұсқасын қоғамға талқылауға берді емес пе? Сондықтан арнайы хэштег ұйымдастырғандары дұрыс болды.
  3. Т
    Талант 9 жыл бұрын
    Жақсы бастама. Талайдың қосар пікірі, ойы бар. Өйткені қазақ тілі мен латын қаріпі біздің ел үшін өте өзекті мәселе болып табылады.
  4. А
    Абай 9 жыл бұрын
    бірнеше жазба жазылып үлгеріпті, қарап шықтым, осы белсенді қарқыннан таймайық!
  5. Б
    Болат 9 жыл бұрын
    желіде отырып алып, бәрін қырып жойып отыратындар үшін жақсы мүмкіндік, ал көріңдер ұсынып.
  6. Қ
    қасым 9 жыл бұрын
    қоғам болған соң әртүрлі пікір, әртүрлі көзқарас болатыны сөзсіз, не дегенмен, ұсынылған нұсқаны құп көремін.
  7. О
    Ойрат 9 жыл бұрын
    осылай қолдау көрсетіп отыратын Елбасымыз барда жастарымыз әлі талай жеңіске жетері сөзсіз!
  8. А
    Алмас 9 жыл бұрын
    "Абай" сайтында келтірілген профессор, филол. ғыл. докторы Байынқол Қалиұлының жобасы көкейге қонымды екен
  9. A
    Alua 9 жыл бұрын
    Latın tiliniņ osınday bolğanın qalar edim. Al өzimizdiņ qaytalanbas ə, ө, ұ əripterin qaldırğanı dұrıs dep oylaymın. Keş emes dep ümittenemin
  10. I
    Ili'as 9 жыл бұрын
    Assalay'magalei'ky'm halqum! Latun a'libi'ine qarsu emespin. A'-a, G-ғ, I-і, I'-и, N'-ң, Q-қ, S'-ш, C'-ч, U- ы, U'- ұ, Y- ү, Y'- у,
  11. I
    Ili'as 9 жыл бұрын
    Kes'irim o'tinemin A'- ә, nu'sqasun du'rus jibermeptim.